Әнші Бақыт Тұрман әлеуметтік желіде тараған видеосынан кейін желі қолданушыларының қызу талқысына түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бейнежазбада өнер иесі күйеуі Қайрат Әділгереймен бірге «Мен әйеліме сененмін» тренді аясында видео жариялаған. Аталған роликте әншінің жұбайының басынан аяғымен аттап өткені көрінеді. Бұл көрініс көпшіліктің наразылығын тудырып, әлеуметтік желіде түрлі пікірлерге себеп болды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі мұндай әрекетті орынсыз деп бағалап, тренд үшін шектен шыққанын айтты.
Ал енді біреулер видеоны әзіл ретінде қабылдап, оның қалжың мақсатында түсірілгенін және трендтің бір бөлігі екенін алға тартып, өнер иесін қорғады.
Пікір қалдырған оқырмандардың кейбірі:
«Ойнасаң да, ер адамның басына аяқ тигізу дұрыс емес»,
«Ер адамды аяқпен баспауға, тіпті аттап өтпеуге үйреткен»,
«Бұл – өте орынсыз әзіл»,
«Тренд үшін ар-намысты ұмытпау керек» деген сынды сыни көзқарастарын білдірді.



