Қазақстандық әнші Yenlik халықаралық COLORS музыкалық жобасының жаңа шығарылымына қатысады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Қазақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл платформада бұған дейін Билли Айлиш, Дрейк, Тайла және өзге де әлемдік деңгейдегі әртістер өнер көрсеткен. Yenlik жоба тарихында Қазақстаннан шыққан алғашқы орындаушы атанбақ.
Шақырту туралы жаңалық әртіс үшін ерекше әсерлі сәт болған. Yenlik бірнеше жыл бұрын командасымен бірге жобаға өздері өтінім жолдағанын, алайда ол кезде жауап болмағанын айтты. Ал биыл COLORS өкілдері өздері хабарласқан



