ЖаңалықтарСпорт

Зілтемірші Алмас Өтешов тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

Бұрынғы ауыр атлет Алмас Өтешов бапкерлік қызметке кірісті, деп жазады qandastar.kz сайты Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына сілтеме жасап.

Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бақтияр Артаевтың бұйрығына сәйкес, Өтешов Алмас Дәулетярұлы ауыр атлетикадан ересектер арасында облыстың аға жаттықтырушысы болып тағайындалды, – делінген хабарламада.

Алмас Дәулетярұлы – Ауыр атлетикадан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері, ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері, Азия ойындарының күміс жүлдегері, Азия чемпионы.

Алмас Өтешов бұған дейін Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасына қарасты «Мұз айдыны»мекемесінде әдіскер, «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директорының орынбасары болған.

Ендігі кезекте Алмас Дәулетярұлы облыста ауыр атлетика спорт түрін дамытуға және спортшылардың тұрақты түрде әлемдік додаларға қатысуына, сондай-ақ спортшылардың жалпы нәтижесіне жауапты болады, – делінген хабарламада.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button