Спорт

Мадридтік «Реал» бас бапкері Хаби Алонсоны жұмыстан босатты

Испания Суперкубогында жеңіліске ұшырағаннан кейін мадридтік «Реалдың» бас бапкері Хаби Алонсо өз орнын босатты, деп жазады qandastar.kz.

11 қаңтар күні Испания Суперкубогының финалында «Барселона» мен «Реал» чемпиондық атақты сарапқа салды.

Тартысқа толы матчта корольдік клуб «Барселонаға» 2:3 есебімен жеңілген еді.

Осы нәтижеден кейін клуб басшылығы бапкерлік құрамда өзгеріс жасау туралы шешім қабылдап, Хаби Алонсоның орнына жаңа бас бапкер ретінде 42 жастағы Альваро Арбелоаны тағайындады.

Хаби Алонсо «корольдік клубтың» тізгінін өткен жазда қолға алып, тәжірибелі Карло Анчелоттидің орнын басқан. Алайда маусым бойындағы тұрақсыз ойын мен сәтсіз нәтижелер жанкүйерлердің бапкерге деген наразылығын тудырды.

Негізі бұған дейін де бірқатар БАҚ Хаби Алонсоның «Реалдағы» тізгінін босатуы мүмкін екенін жазған еді.

Енді міне белгілі болғандай Хаби Алонсо мен басшылық ортақ шешіммен келісімшартты тоқтатты.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button