Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 21 жастағы қызды өлтірді деген күдікті ер адамды ұстады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.
«Іздеу жұмыстарына қалалық полиция департаментінің жеке құрамы толықтай жұмылдырылды. Қаланың кіреберіс және шығаберіс бағыттарында бақылау күшейтіліп, аумақты жан-жақты тексеру жүргізілді», — делінген мәлімдемеде.
Күдікті қала аумағынан шамамен 10 шақырым қашықтықтағы ашық жерде анықталып, ұсталды.
Қазіргі таңда 28 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Алдын ала мәліметке сәйкес, күдікті марқұммен бұрын таныс болған.
Қылмыстың себебі мен мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.



