ЖаңалықтарШоу бизнес

«Шынайылық жоқ»: Нұрлан имаммен бір отырыста әңгіме айтқан Сәкен Майғазиев сөзге қалды

«МузАрт» тобының солисі, белгілі әнші Сәкен Майғазиев желіде танымал Нұрлан имаммен бір отырыста түсірілген видеоны жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Маған сөз берді екен деп, Нұрлан имамның алдында көсіліп сөйлеп тұрған мен де жүрек жұтқан жігіт екем.

Элиф Шафак деген жақсы көретін жазушымның айтқан сөзі бар: «Алла тағала барлық адамның ой-санасын, бітім-болмысын, түр-келбетін бірдей етіп жаратуға да құдіреті жетер еді, бірақ Алла тағала осылай қалады» — дейді. Сол себепті бір адамды бір адамнан кем санау — қателік. Керісінше, біріміз бірімізді толықтырып, жақсысын асырып, жаманын жасыру адамдығымыз болмақ. Бұл жерде соны айтқым келген», — деп жазды әнші.

Алайда желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.

Бірі қолдап жатса, сын пікір жазғандар да табылды.

«Қазіргі отырыстарда шынайылық жоқ», «әніңді айтып жүре берсеші тыныш», «бірақ әртіс мырзылар мен ханымдардың сөзі мен ісі бір жерден шықпай жатырау» және «Нұрлан имам әулие емес шығар, көп неғыла бермеңдер» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button