КТК арқылы тасымалданатын қазақстандық мұнайдың экспорты 45%-ға қысқарды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Prokadrykz Telegram арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Осы айда CPC Blend маркалы мұнай экспорты тәулігіне небәрі 800-900 мың баррельді құрамақ. Bloomberg агенттігінің мәліметінше, бастапқыда жоспарланған 45 жөнелтімнің кемінде 21-і тоқтатылған.
Экспорт көлемінің төмендеуіне теңіздегі дауылдар мен айлақтағы шығару құрылғысының істен шығуы себеп болған. Қалыпты жұмыс істеу үшін Қазақстанға кемінде екі осындай құрылғы қажет, алайда қазіргі таңда олардың тек бірі ғана жұмыс істеп тұр.
Куәгерлердің айтуынша, КТК құбыр жүйесі мұнай өндірушілерден шикізат қабылдауды қайтадан тоқтатқан. Себебі сақтау резервуарлары толып қалған.



