Алматы қаласының прокуратурасы заңсыз көші-қон арнасының жолын кесті, деп жазады qandastar.kz сайты inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Қалалық прокуратура сыйақы алу мақсатында бір бөлмелі пәтерде нақты тұрмайтын 109 адамды тіркеп, заңсыз көші-қон ұйымдастырғанын анықтады.
«Резіңке» пәтердің иесіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сот үкімімен ол 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды, – деп жазылған ресми хабарламада.
Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қылмыстық және әкімшілік жауаптылыққа жол бермеу мақсатында көші-қон заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға шақырады.



