Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Батыс Қазақстандағы жанармай құю бекетінде тапанша ұстаған ер адам видеоға түсіп қалды

Оралда полиция жанармай құю бекетіндегі ықтимал қауіптің алдын алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Департамент мәліметінше, түнде полицияға Оралдағы жанармай құю бекеттерінің біріндегі оқиғаға қатысты шақырту түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері самбо әдістерін қолданып, 46 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Одан пневматикалық және старттық оқсыз тапаншалар тәркіленді.

«Анықталғандай, ер адам мас күйінде жанармай құю бекетіне кіріп, темекі сатып алып, сыртқы түрі қаруға ұқсас заттарды көрсеткен. Алайда жанармай құю бекетінің қызметкерлеріне қатысты ешқандай қауіп немесе қоқан-лоққы білдірмеген», — делінген мәлімдемеде.

Күдікті полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button