Қарағанды облысындағы Теміртау қаласының 8-ші шағынауданында Nissan Cefiro автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі тұрақтан кері жүріп шыққанда 73 жастағы әйелді соғып кеткен, деп жазады qandastar.kz сайты ozgeris.info-ке сілтеме жасап.
Өкінішке қарай, жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен әйел оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайлары анықталып жатыр.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерді, әсіресе аула мен тұрақта маневр жасағанда, барынша сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



