Каспий құбыр консорциумының терминалында тұрған танкерге дрондар шабуыл жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы «Адырна» ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Шабуыл салдарынан жарылыс болды, бірақ өрт шықпады. Экипаж арасында зардап шеккендер жоқ.
Қазақстан мұнайын тиеу жұмыстары 18 қаңтарға жоспарланған болатын. Қазіргі уақытта танкердің жағдайы тексеріліп, алдын ала бағалау бойынша ол теңізде жүзуге жарамды.
Залал көлемін анықтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.



