Қаңтар оқиғасынан кейін сотталған бұрынғы жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкерлері — Кәрім Мәсімов, Самат Әбіш және Ерлан Тұрғымбаевтың жазасын қайда және қандай жағдайда өтеп жатқаны қоғамға әлі күнге дейін беймәлім. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Ulysmedia.kz редакциясына сілтеме жасап хабарлайды.
Алайда Ішкі істер министрлігіне қарасты ҚАЖК редакция сұрақтарына нақты жауап бермей, «сот үкіміне сәйкес жазасын өтеп жатыр», «жеке деректер», «жеке іс құпиясы» деген стандартты уәждермен шектелген.
Айта кету керек, сөз қатардағы сотталғандар туралы емес. Кәрім Мәсімов — ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы, екі мәрте премьер-министр. Самат Әбіш — ҰҚК төрағасының экс-бірінші орынбасары. Ерлан Тұрғымбаев Қаңтар кезінде ішкі істер министрі болған.
Үшеуі де 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін жабық сот отырыстарында сотталған. Қоғам сот процесін де, іс материалдарын да көрген жоқ.



