Мәжіліс депутаты Азат Перуашев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басшылығының жоғары жалақылары қоғамда заңды сұрақтар туындатып отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Bairaqmedia.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.
Депутаттың айтуынша, мәселе тек басқарма төрағасына ғана емес, сондай-ақ қордың топ-менеджерлеріне де қатысты. Олардың табысы елдегі орташа жалақы деңгейінен айтарлықтай жоғары.
Атап айтқанда, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов 2022-2024 жылдар аралығында жалпы көлемі 806 миллион теңге табыс тапқанын декларациялаған. Ең жоғары кіріс 2022 жылға тиесілі — 422,1 миллион теңге. 2023 жылы оның табысы 186,5 миллион теңгені,
ал 2024 жылы 197,25 миллион теңгені құраған.



