Танымал блогер Сабина Мовлаева анасымен бәстескен видеосын жариялап, желіде талқыға қалды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Блогер анасы екі аптада 15 келіге арыса, 5 млн теңге беретінін айтты.
Ол анасының денсаулығына алаңдаушылығын да жасырмады.
Оқырмандары блогердің бұл қадамына қолдау білдіріп жатыр.
«Бұл жол жай ғана арықтау емес, өз-өзіңізге берген уәде, жүректен шыққан шешім», «мағанда солай айтса ғой», «анаңыз берген уәдесін орындайды бес миллион алады» және «арықтамасада беріңіз 5 млн-ды» деп жазып жатыр олар.



