Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ресейлік зауытта екі қазақстандық қайтыс болды

«Северсталь» компаниясының құрамына кіретін Череповец металлургия комбинаты (ЧерМК) өнеркәсіптік алаңында екі қазақстандықтың мәйіті табылды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы ТАСС-қа сілтеме жасап.

Өлімнің нақты себебі анықталып жатыр.

«14 қаңтар күні Череповец металлургия комбинатының (ЧерМК) өндірістік алаңында мердігер ұйымның қызметкері болып табылатын екі қазақстандық ес-түссіз табылды. Қазіргі уақытта өлім себебі тергелуде, ал оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметі жұмыс істеп жатыр. Қызметкерлердің отбасыларына қайғырып көңіл айтамыз», — деп хабарлады «Северсталь».

Оқиға орнында тергеу тобы жұмыс істеп жатыр, ал Ресейдің аймақ бойынша тергеу комитетінің тергеушілері оқиғаның мән-жайын анықтауда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button