Шоу бизнес

«Неге келіндерді бөліп қарайды?»: Қайрат Нұртастың анасы тағы да сынға қалды

Танымал продюсер әрі Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова тағы да жұрт назарын өзіне аударды. Бұл жолы ол екінші келініне бағалы сыйлық жасап, қоғамда қызу талқыға түсті, деп жазады qandastar.kz.

Продюсер бұл сәтті әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Видеода сырттан: «Мұндай ене тек Айгерада ғана бар» деген дауыс естіледі.

Желі қолданушылары Гүлзира Айдарбекованың бұл қадамына түрлі пікір қалдырды. Кейбірі оның кеңпейілдігін жоғары бағаласа, енді біреулер келіндеріне деген қарым-қатынасындағы айырмашылықты сынға алды.

Пікірлердің арасында: «Гүлзира ханымның даналығы көрініп тұр», «Неге келіндерді бөліп қарайды? Жұлдыз бес бала тәрбиелеп отыр, сонымен қатар жұмысын да алып жүр», «Бұл – мақтан емес, тек жақсылық тілегені» деген жазбалар болды.

Айта кетейік, бұған дейін бірінші келіні Жұлдыз Әбдікәрімоваға мұндай сыйлық жасалмағаны көпшіліктің наразылығын тудырған еді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button