ЖаңалықтарШоу бизнес

«Болар бала…»: Нұрлан имам бала кездегі видеосымен бөлісіп, елдің ықыласына бөленді

Танымал имам, әлеуметтік желінің «жұлдызы» атанған дінтанушы Нұрлан қажы Асанов жасөспірім шағындағы видеоны жариялап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Видео 1994 жылы Қостанай облысында түсірілген.

«Қостанай, Әулиекөл ауданы, Әмит Ишан аудандық мешітте аталар мен аналарға насихат айтып,намаз өткізіп бастағанда бірінші мүшелден шыққан кездерім еді…», — деп жазды ол.

Оқырмандары имамға түрлі пікір қалдырып, қолдау білдіріп жатыр.

«Болар бала жасынан», «сол кезде мобилографыңыз болған ғой», «бәсе, орысшаны қайдан біледі десем» және «жас кезінен иманға бет бұрған екен» деп жазып жатыр олар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button