Шоу бизнес

Акан Сатаевтың екінші әйелі өзін қорлаған адамдарды сотқа бермек

Танымал режиссер Акан Сатаевтың қазіргі жары, актриса Альмира Тұрсын өзін қорлап, жеке өміріне қол сұққандарға қарсы сотқа жүгінуге ниетті екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады, деп жазады qandastar.kz.

Режиссердің бұрынғы жұбайы Назира Бакаеваның ашық сұхбатынан кейін оған қатысты әлеуметтік желіде сын мен айыптаулар көбейген.

«Жаңа жазылушыларға және «үнсіз бақылап отырғандарға» сәлем! Менің парақшама біреу қызық іздеп, біреу “тергеу” жүргізу үшін кіріп отырған болар. Қош келдіңіздер. Бірақ мен сырт келбетіме және жеке өміріме қатысты орынсыз пікір айтып, ақыл үйрететіндерді елемеймін әрі бұғаттаймын. Себебі әркімнің жеке шекарасы бар», – деп жазды Тұрсын.

Оның айтуынша, жалған аккаунттар арқылы балағаттап, қорлайтын пікір қалдыратын адамдардың барлығы тіркеліп, скриншот жасалуда.

«Өздерін жазасызбын деп ойлайтын аса агрессивті әрі әдепсіз адамдардың барлығы тіркеліп жатыр. Қажет болған жағдайда ар-намыс пен іскерлік беделді қорғау, сондай-ақ интернетте жалған және қорлайтын ақпарат таратқаны үшін сотқа жүгінуге болады», – деді актриса.

Сонымен қатар ол өзінің үнсіздігін әлсіздік деп қабылдамауға шақырып, кез келген сөз бен әрекет үшін заң алдында жауапкершілік бар екенін еске салды.

«Анонимді немесе фейк аккаунт қолданғанның өзінде, сот барысында арнайы сұраулар арқылы адамның жеке басын анықтауға болады. Өйткені пікір білдіру еркіндігі:

– жалған ақпарат таратуға,

– ар-намысты таптауға,

– көпшілік алдында қорлауға құқық бермейді», – деп атап өтті Тұрсын.

Актрисаның сөзінше, мұндай әрекеттер үшін заңнамада әкімшілік және азаматтық жауапкершілік қарастырылған, соның ішінде моральдық зиянды өтеу, сот шығындарын өндіріп алу және жалған ақпаратты жоққа шығару міндеті бар.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button