Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстандық Disney компаниясында архитектор қызметін атқарып жүр

Ұлытаудағы Жаңаарқа ауылында туған Манарбек Төлеу бала кезінен сәулет өнеріне қызыққан. Әкесімен бірге шаруашылық нысандарды, соның ішінде ат қораларын салу арқылы ол кеңістіктерді өз қолымен жасауға құмар болды. Сол қызығушылығы оны Лос-Анджелестегі Оңтүстік Калифорния университетіне оқуға жетелеген. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Digitalbusiness.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Оқудан кейін Манарбек халықаралық жобаларға араласты, EXPO халықаралық көрме орталығы, Abu Dhabi Plaza (Астана) және Karavan Saray сауда-ойын-сауық кешені (Түркістан) сияқты нысандарда жұмыс істеді. Кейін ол АҚШ-қа оралып, NBCUniversal командасына қосылды.

Қазіргі таңда Манарбек Walt Disney Imagineering құрамында қызмет атқарады.  Ол 3D-визуализация және AR технологияларын қолданып, Disneyland үшін иммерсивті кеңістіктердің дизайнын жасап жүр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button