ЖаңалықтарСпорт

Түркістанда бокс ардагерлеріне шабан жабылып, құрмет көрсетілді

Қазақстан ерлер құрамасының жаңадан тағайындалған бас жаттықтырушысы Нұржан Насанов бокс ардагерлерінің басын қосып, батасын алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Бұл туралы Қазақстанның бокс федерациясы мәлім етті.

Олардың ішінде отандық боксқа ғұмырын арнаған Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ибраимов, Дамир Буданбеков, Әлімбек Балмағамбетов, Марат Елеусінов және Жұмабек Өмірзақов бар.

«Бокс ардагерлері Түркістан облысындағы Қазақстан ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиынына бас жаттықтырушы Нұржан Насановтың шақыруымен арнайы келді.

Тұрсынғали Еділов, Ермахан Ибраимов, Дамир Буданбеков, Әлімбек Балмағамбетов, Марат Елеусінов және Жұмабек Өмірзақов құнды ойларымен бөлісті», — делінген мәлімдемеде.

Ардагерлер Қазақстан бокс федерациясының басшылығы және ұлттық құраманың жаттықтырушыларымен бірлесе ел боксының бүгінгі хал-жағдайын талқылады, болашақта ілгері басу үшін өз пікірін жеткізді.

Сонымен қатар, ардагерлерге құрмет көрсетіліп, дәстүр бойынша шапан жабылды.

Қазақстан боксының ақсақалдары жаңа бас жаттықтырушы Нұржан Насановқа сәттілік тілеп, ұлттық құрамаға ақ батасын берді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button