Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың тоқалы Айман әлеуметтік желіде өзі туралы мәліметті жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің мамандығы жайлы ашып айтты.
«Менің қандай мамандық иесі екенім, қайда оқығаным жайлы, не жұмыс жасайтыным жайлы сұрап жатқан жандарға. Режиссер, педагог хореограф деген 2 дипломым бар. Және де Театрда артиста балета болып жұмыс жасағаным ол бар. Қазіргі таңда үлкен жобалар мен концерттер ұйымдастырамын. Иә қазақтың қара домалақ қызымын», — деп жазды ол.
Оқырмандары оған жақсы лебіздерін қалдырып жатыр.
«Әдемілігіңізбен нәзіктігіңіз ұштасқан қарапайым жан екенсіз», «жан-жақты, қарапайым екенсің» және «бұл кісінің жүзіне қарасам 18 дегі аңғал, балалық кейіптің екпіні қалып қойған» сынды пікірлер жазылып жатыр.



