Жаңалықтар

Атыраулық хакер блогер Еркежан Шайхқтың эскортқа қатысы барын айтты

Атыраулық хакер лақап атымен танымал қазақстандық әлеуметтік желідегі парақшасында белгілі блогер Еркежан Шайхқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Хакер кейбір адамдардың өзіне халықаралық іздеу жарияланғанын пайдаланып, танымалдылығын арттырғысы келетінін жазды.

“Қазір бәрі хайп қуғысы келеді, тіпті бұрынғы эскорт қыздар да. Олар стористерінде мен туралы жала жазып жүр, ал өздері әлі күнге дейін сайттарда қызметтеріне жарнама іліп отыр. Міне, адамдар осылай өмір сүреді”, – деп жазды ол.

Ол келесі жазбасында танымал блогер Еркежан Шайх жайлы ақпарат бөліскен.

“Әңгіме осы қыз туралы болып отыр. Мен ол туралы жазып, жарнама жасағым келмеді, өйткені оның қалауы да сол. Айтуынша, ол бәрі туралы жазады, бірақ ол туралы ешкім жазбайды екен. Осы 40 минуттың ішінде маған 15-тен астам адам жазды, олардың айтуынша, ол адамдарды алдап кеткен, әрі мұны дәлелдермен көрсетіп отыр. Ал оған ақшаны қайтаруды сұрағанда, ол бәрін бірден бұғаттап тастайды. Бұл ғана емес – тіпті оған “сен туралы мынандай жазбалар тарап жатыр” деп жазсаң да, еш себепсіз бұғаттап тастайды”, – деп жазды ол.

Сондай-ақ хакердің сөзінше, блогер шизофрения ауруымен ауырады және эскортпен айналысады.

“Мен ол туралы ақпаратты тексеріп көрдім, ол шизофрения ауруымен ауырады екен. Менде көптеген дәлел бар, бірақ мен оны әшкерелегім келмейді, маған ол қызық емес. Бірақ бір “бірақ” бар, ол өзі көрсетіп жүргендей адам емес. Өзін “Ұмраға барып жүрмін”, “мұсылманмын” деп көрсетеді, бірақ олай емес – ол эскорт қыз! Айтпақшы, ол мені де бұғаттап тастады. Бір қызығы, өзі туралы жазып отырып, сол адамды неге бұғаттайды? Мұнда қандай логика бар?” – деп жазды хакер.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button