ЖаңалықтарЭкономика және бизнес

Депутат елдің экономикалық өсімін неден байқауға болатынын айтты

Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев Қазақстандағы экономикалық өсімнің абстрактылы көрсеткіштерде емес, нақты жобаларда көрініс табатынын айтты. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Аstana__press парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Соңғы бес жылда елде 1,1 миллионнан астам пәтер пайдалануға беріліп, бұл көрсеткіш ірі мегаполис тұрғындарының санына пара-пар екені атап өтілді.

Депутаттың сөзінше, тұрғын үй құрылысы экономикалық мультипликативтік әсер туғызады. Жаңа жұмыс орындары ашылады, құрылыс материалдарына, жиһаз, тұрмыстық техника және қызметтерге сұраныс өседі, экономикалық айналымда триллиондаған теңге пайда болады.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button