Жаңалықтар

«Kazakh Tourism»-ге жаңа басшы келді

Талғат Ғазизов «Kazakh Tourism» акционерлік қоғамының жаңа басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы facebook желісіндегі Pro Kadry Kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол Карағанды мемлекеттік университетін және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін халықаралық қатынастар мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ, Майами университетінде «PR» мамандығы бойынша білім алған және «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері болып табылады.

Талғат Ғазизов еңбек жолын Карағанды мемлекеттік университетінде әлемдік тарих және халықаралық қатынастар кафедрасында оқытушы ретінде бастаған. Кейін «Зерде» (директор, 2018) және «Amanat» партиясының орталық аппараты (құрылымдық бөлім директоры, 2019–2021) сияқты ұйымдарда қызмет атқарған. Сондай-ақ, AQGroup және АО «Қазпошта» компанияларында басқарушы директор ретінде жұмыс істеген.

2024 жылдың ақпанынан бастап АО «Қазпошта» компаниясында басқарушы директор  лауазымын атқарған.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button