Актер Алмат Сақатов «Нұр-Мұқасан» тобының бұрынғы әншісі Мұқасан Шахзадаевтың жас әншіге қол көтерді деген дауға байланысты өз көзқарасын айтты, деп жазады qandastar.kz.
Ол бұл туралы Qazaq Airan YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.
Сақатовтың айтуынша, ол оқиға болған жерде болмағандықтан, нақты кімнің ұрғанын айта алмайды.
«Тіл шықпаса, мұрыннан қан шықпайды. Нұрланмен бірге ән айтып жүрген жас әншіні танимын, өзі өте мәдениетті, биязы жігіт. Сондықтан аяқ астынан еш себепсіз төбелес болды деу қиын. Ол баланың да “Мұқасан келіп мені ұрды” деп нақты айтқан сөзі жоқ. Ол жерде 2–3 адам болған. Таңертеңнен кешке дейін ұрып-соққан жоқ, бар болғаны 4–5 рет соққы тиген, сонымен бәрі аяқталған», – деді актер.



