Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Питер Фостердің жұбайы өзіне тағылған айыптауларға пікір білдірді

Питер Фостердің жұбайы Татьяна Фостер өзіне қатысты айтылған айыптауларға ұзақ уақыттан кейін алғаш рет пікір білдірді. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасын қиын кезеңде отбасына қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтудан бастап, сот шешіміне байланысты Air Astana әуе компаниясының ресми түсіндірмесін жариялады. Татьяна Фостердің айтуынша, шығарылған үкім компания бастамашы болған ішкі аудиттің нәтижелерін растаған және құқық қорғау органдарына жүгінуге негіз болған.

«Біздің отбасымызға қатысты тараған жалған ақпаратқа қарамастан, шындық пен әділдіктің жеңетініне сенгендеріңіз үшін алғыс айтамын. Мен әдейі жария пікірталастардан бас тартып, құқықтық баға берілгенін күттім. Енді тек сот шешіміне және нақты деректерге сүйеніп сөйлей аламын», – деп жазды ол.

Татьяна Фостер Air Astana-ның баспасөз хабарламасынан үзінді келтіріп, сот барысында істің барлық мән-жайы жан-жақты қаралғанын, ал кейбір тұлғалардың көпшілік алдында айтқан мәлімдемелері нақты деректермен расталмағанын атап өтті. Оның сөзінше, ішкі және тәуелсіз аудит нәтижелері құқыққа қайшы әрекеттердің бар екенін көрсеткен.

Сондай-ақ ол дәл осы ішкі аудит барысында елеулі қаржылық заңбұзушылықтар анықталып, кейін олар тәуелсіз аудитор арқылы да расталғанын айтты. Бұл деректер кейін сот талқылауының нысанына айналған.

Еске салайық, бұған дейін FlyArystan компаниясының бұрынғы қызметкері Ренат Абулхановтың қорғаушылары Air Astana топ-менеджерлерінің туыстарына жеңілдетілген авиабилеттер сатылғаны туралы мәлімдеген болатын. Олардың айтуынша, билеттер басшылықтың нұсқауымен рәсімделген, соның ішінде Питер Фостердің жұбайына да берілген. Дәлел ретінде Татьяна (немесе Тамара) Фостер есімімен тіркелген аккаунттан жолданған хат-хабарлардың скриншоттары ұсынылған.

Бұл мәлімдемелерден кейін Air Astana мен FlyArystan компанияларына қатысты тексеру жүргізілетіні хабарланған еді.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button