Қаржы министрлігі жүргізген медициналық ақпараттық жүйелердің IT-аудиті жүйелі заңбұзушылықтарды әшкереледі. Бұл туралы Qandastar.kz ҚР Үкіметінің ресми Теlegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Атап айтқанда, жалған пациенттерді тіркеу, қайтыс болған азаматтарға медициналық қызмет көрсету, бір адамға бір күнде жүздеген тексеру жүргізу фактілері тіркелген.
Мәселен, 996 қайтыс болған пациентке қатысты 3 640 медициналық қызмет көрсету дерегі анықталған. Олардың ішінде 2023 жылы қайтыс болған адамды 2025 жылы қабылдауға жазған жағдайлар бар.
Сондай-ақ Астанада бір жекеменшік клиникада бір күнде 1 442 пациент қабылданғаны көрсетілген.



