Продюсер Баян Алагөзова Instagram желісінде өміріндегі маңызды сәттердің бірін еске алды. Бұл туралы Qandastar.kz хабарлады.
Оның айтуынша, Алматыда өткен алғашқы Вена балында ол танымал ресейлік тележүргізуші Святослав Бэлзамен бірге жұмыс істеген.
Келесі күні Бэлза Баян Алагөзованың тікелей эфирдегі авторлық бағдарламасына қонақ болып келген. Эфир аяқталған соң ол продюсерге Мәскеуге көшіп, «Культура» телеарнасында жұмыс істеуді ұсынған.
Святослав Бэлза оның кәсіби шеберлігін, анық дикциясын, әдемі сөйлеу мәнерін және жүргізушілік қабілетін жоғары бағалап, көрермен ықыласына тез бөленетініне сенім білдірген. Сондай-ақ арнаның есебінен пәтер жалдап, айлық жалақы ретінде 3 мың доллар ұсынылған.
Алайда Баян Алагөзова бұл ұсыныстан бас тартқанын айтты. Продюсер өз орнын әрдайым туған елінен көретінін, Қазақстанда жүріп өз жолымен дамып, қызықты әрі мазмұнды жобаларды жүзеге асырып келе жатқанын атап өтті.



