Жаңалықтар

Автобуста жолаушы әйел орын бермегені қыздың шашын жұлып, балағаттаған (ВИДЕО)

Атырау қаласындағы №51 бағыттағы қоғамдық көлікте жолаушылар арасындағы жанжал студент қыздың соққыға жығылуымен аяқталды, деп жазады qandastar.kz сайты Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде тараған видеолардан орта жастағы әйелдің студент қыздың шашынан жұлып, бетіне тырнағаны анық көрінеді. Зардап шеккен бойжеткеннің айтуынша, оқиға аялдамадан мінген әйелдің өзге жолаушыға орын беруді талап етуінен басталған.

Автобусқа кірген сәттен бастап әлгі әйел айқайлап, әркіммен агрессивті түрде сөйлей бастады. Ол кішкентай баласымен болды. Қасыма келіп, жанымда тұрған бейтаныс ер адамға орын беруді талап етті. Мен орнымды босатуға ыңғайланғанымда, ол кісі келесі аялдамадан түсетінін айтып, отыра беруімді сұрады. Сол кезде әйел себепсіз басымнан ұрып жіберді. Неге бұлай істегенін сұрағанымда, балағат сөздер айтып, кейін шашымнан тартып, бетімді тырнады, – дейді жәбірленуші.

Куәгерлердің айтуынша, автобус лық толы болғандықтан, жолаушылар екі әйелді бірден ажырата алмаған. Сол аралықта студент қыз бірнеше рет соққы алған.

Оқиғадан кейін бойжеткен полицияға арызданған. Алайда, жарты күн өтсе де, күдікті әйелдің табылмағанын айтып отыр.

Желі қолданушылары қоғамдық көліктегі тәртіп пен өзара сыйластықтың маңызын атап өтіп,кейбір ересек адамдарға тәрбие сағатын өткізуді ұсынды. Көпшілік мұндай әрекеттерге заң аясында қатаң шара қолдану керектігін жазуда. Сондай ақ, кінәлі тұлғаның жауапсыз қалмауын сұрап, құқық қорғау органдарын істі жіті тексеруге шақырды.

@kyn.kz_Студент қыз шашы жұлынған видеоға дейін басы мен желкесінен бірнеше рет қатты соққы алғанын айтады. Полицияға барған сәтте шашын ұстап көріп, айтарлықтай зақым жоқ деген. Бойжеткен болса басы айналып, жүрегі айнығанын айтады. Күдікті әйелді полиция әлі ұстамаған.

♬ оригинальный звук — KYN.KZ

Ұқсас Мақалалар

Back to top button