Жаңалықтар

Ирандағы наразылықтар кезінде 5 мыңға жуық адам қаза тапқан — БАҚ

Иранның Жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи елде екі аптадан астам уақытқа созылған тәртіпсіздіктер салдарынан мыңдаған адамның қаза тапқанын мәлімдеді, деп жазады qandastar.kz. порталы CNN -ге сілтеме жасап.

Ұлтқа жасаған үндеуінде Хаменеи қаза тапқандар мен келтірілген шығындар үшін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты айыптап, оны қылмыскер деп атады. Алайда қаза болғандардың нақты санын атаған жоқ.

АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency (HRANA) агенттігінің дерегінше, наразылықтар барысында 3600-ден астам адам қаза тапқан. Дегенмен бұл мәліметтерге ресми растау жоқ. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары қаза тапқандар саны 5 мыңға жетуі мүмкін екенін де жазып жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, Хаменеи өз сөзінде Иранның қауіпсіздік күштерінің наразылықтарды басу кезінде қолданған қатаң әрекеттерін атап өткен жоқ. Ал куәгерлер мен құқық қорғау ұйымдары үкімет күштері көшелерде және ғимараттардың шатырларынан наразылық білдірушілерге оқ атқанын хабарлайды.

Бұған дейін Иранның сыртқы істер министрі Аббас Арагчи мыңдаған адамның қаза тапқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған еді. Ол америкалық журналист Бретт Байерге берген сұхбатында қаза тапқандар саны жүзде шектелетінін, ал өзге мәліметтер «дезинформация науқанының» бір бөлігі екенін айтқан.

Еске сала кетейік, Иранда жаппай наразылықтар 2025 жылғы 28 желтоқсанда өмір сүру құнының өсуіне байланысты басталып, соңғы жылдардағы ең ауқымды акцияларға айналды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button