Жаңалықтар

Ертең президент ұлттық құрылтайға қатысады

Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтеді. Бұл туралы Qandastar.kz порталы Instagram желісіндегі bairaq_media парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

«Сыр бойындағы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады.»,- деп жазды Президент көмекшісі — Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай.

Ұлттық құрылтайдың бұған дейінгі отырыстары 2022 жылы – Ұлытауда, 2023 жылы – Түркістанда, 2024 жылы – Атырауда, 2025 жылы – Бурабайда өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button