Жаңалықтар

«МӘМС»: жеке емханадағы бір басшы 52, тағы бірі 124 пәтер сатып алған

Салық органдары міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жүйесіне қатысып, әрбір науқас үшін бюджеттен ақша алатын жеке клиника басшыларының табысы мен мүлкіне камералдық бақылау жүргізген, деп жазады qandastar.kz сайты Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.

Тексеру небәрі бір жылда жеке клиника басшыларының ондаған, тіпті, жүздеген пәтер алғанын көрсеткен.

Үкіметтегі кеңес кезінде ҚР Қаржы министрі Мәди Тәкиев салық органдарының тексеруін жария етті.

Салық органдары медициналық ұйым басшыларына қатысты камералдық бақылау жүргізіп, олардың табыстары мен сатып алған мүліктеріне талдау жасады. Тексеру көрсеткендей, 2024-2025 жылдар аралығында 1 465 басшы 5 мыңнан астам жылжымайтын мүлік объектісін сатып алған, ал 912 адам 1 416 автокөлік иеленген. Жекелеген басшылардың әрқайсысы 52-ден 124-ке дейін жылжымайтын мүлік объектісін және 14-тен 24-ке дейін автокөлік сатып алған, – дейді Мәди Тәкиев.

Айта кетейік, бұған дейін Мәди Тәкиев Қазақстанда клиникалар 770 мың ер адамды жатыр мойнының обырын тексертті деп жазып жібергенін мәлімдеген еді.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай тексерулер бюджет қаражатының мақсатты әрі әділ пайдаланылуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы жүйелі кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде медициналық қызметтің сапасы мен сенімін арттыруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button