ЖаңалықтарШоу бизнес

«Тоқалдарға тойдық»: блогер тұрмысқа шықпаған қыздарға үндеу тастады

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева тоқалдарды сынға алды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында осы мәселеге қатысты ойын ашып айтты.

Және жас қыздарға тұрмыс құрудың алдында неге қарау керек екенін де сөз етті.

«Оқыған да оқымаған да ит көп! Адамдығына қараңдаршы. Үйін, көлігін, қызметін қайтесің?! Сөйлей берсін туыстар мен таныстар! Уақытпен дәлелдейтін жігіт жақсы емес пе?!

Оқысын-оқымасын, ел көрсін көрмесін мәселе тәрбиеде! Адамдықта! Тектілікте!
Аналар! Қыздарға қайыр сұрамайтын жерге бар дегеннен көрі жыламайтын жерге бар деп айтыңыздаршы.
Құдаңыз бай болғанда бірдеңе бере ме?! Уақытша мақтану үшін қыздың ойын бұзып қажеті не?! Жастар қол ұстасып жетпей ме?! Айналайын-ау өзіміз екі қасық екі күрешкемізге риза едік. Күндіз-түні келетін дос-жаранға не тамақ берсек, деп күйгелектеуші едік. Ниетіміз түзу, пейіліміз жас та болса ақ екен. Қазір мазалайтын дос та жоқ. Екеуден-екеу тамақ тоқ бақыт жоқ жұптар неге көбейді?!
Тоқалдарға тойдық!!! Тоқал боларда ойланбаған соң атасының басына жырлай ма?!» — деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогердің сөзіне қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button