Шоу бизнес

«Бақұл бол! Қолымнан келгеннің бәрін жасадым»: Әнші Қанайдың отбасы қара жамылды

Qanay лақап атымен танымал әнші Нұрболат Қанай отбасында орын алған ауыр қайғыны көпшілікке жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Өнер иесінің айтуынша, әкесі өмірден өткен. Қаралы хабарды ол әлеуметтік желідегі жеке парақшасында бөлісті.

Бұл 33 жас қайғылы жасым болды-ау. Кенже балаңның қасына асықтың ба? Қолымнан келгеннің бәрін істедім. Кешірші, папау. Қаралы хабарды анашыма айтпай ауылға ұшырып жібердім. Атырауға, Құлсарыға жеткен соң хабар айтамыз деп шештік. Өзі әрең жүр еді, – деп жазды ол Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында.

Айта кетейік, Нұрболат Қанай бұған дейін берген сұхбаттарының бірінде 2003 жылы дүниеге келген інісінен айырылғанын айтып, сол қасіретті кезеңді еске алған болатын.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button