Жаңалықтар

Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін әдейі бұзған жүргізуші ұсталды

Жамбыл облысының полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзған Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісін құрықтады, деп жазады qandastar.kz 

Облыстық полиция департаменті мамандарының мәліметінше, көлік иесі барлығы 155 рет жол ережесін бұзған. Оның 126 жағдайында жүргізуші жылдамдықты әдейі асырған, ал тағы 29 рет жол белгілерінің, соның ішінде «тоқта сызығы» талабын сақтамаған. Құқық қорғау органдары ереже бұзу деректерін өңірдің әртүрлі аумағында орнатылған бейнебақылау және жылдамдықты тіркейтін камералар арқылы анықтаған. Жиналған материалдарда жүргізушінің жол қозғалысының басқа қатысушыларына нақты қауіп төндіргені көрсетілген.

Полицияның хабарлауынша, биылғы жылдың небәрі 16 күні ішінде аталған көлік иесі 18 рет әкімшілік құқық бұзушылық жасаған.

Жүргізуші Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылды. Көлік айып тұрағына қойылды, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының полиция департаменті.

Жүргізушіге салынған айыппұлдың нақты сомасы әзірге жарияланған жоқ.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button