Шоу бизнес

Димаш Құдайберген Қытайдағы жанкүйерлерін таңғалдырды (ВИДЕО)

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген 16 қаңтар күні Шанхай қаласында өткен 2026 Tmall NEWTY Festival Offline Events фестивалінің ашылу және жабылу салтанаттарында өнер көрсетті, деп жазады qandastar.kz.

Сахнаға шыққан сәтінде Димаш тыңдармандарына ерекше тосынсый жасап, Fire әнін жаңартылған аранжировкада орындады.

Халық әртісінің өнері туралы бір күн бұрын оның командасы мәлімдеді. Олардың айтуынша, Димаш фестиваль шымылдығын қазақ тіліндегі рэп партиясы бар «Fire» әнінің жаңа нұсқасымен ашқан. Сондай-ақ ол шамамен он жыл бұрын Қытайдағы Singer жобасында зор табыспен орындаған «All By Myself» композициясын да шырқады.

Фестивальдің жабылу рәсімі де қазақстандық әншіге сеніп тапсырылды. Қорытынды бөлімде Димаш «Олимпико» кантатасын орындап, көрермендерге жаңа биіктерге ұмтылу туралы әсерлі үндеу жолдады.

Әншінің бұл өнері жанкүйерлер арасында үлкен әсер қалдырды. Әлеуметтік желілерде көрермендер «Fire» әнінің орындалуын «нағыз отты» әрі «гениалды» деп бағалап, аранжировкасы мен рэп бөлігін ерекше атап өтті. Әлемнің түрлі елдеріндегі тыңдармандар Димаштың Қытай сахнасына қайта оралуын сағынышпен қарсы алып, оның өнеріне таңданыстарын білдірді.

@getajucan Dimash Qudaibergen » FIRE » 😳❤️🔥🔥🔥Part 2 Tmall New Ty Gala Shanghai 16.01.2026 @Dimash Qudaibergen #dimash_official_dq #dimashqudaibergen #dimashkudaibergen #dq #dimashdears ♬ sunet original — ꧁𝙂𝙚𝙩𝙖꧂ ✨𝔸.N.G✨

Ұқсас Мақалалар

Back to top button