Арбамен жүретін мәжіліс депутаты Ерлан Абдиев өзінен сұхбат алу үшін тізерлеп отырған журналист жайлы жазба жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Бұл туралы депутат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазып, суретімен де бөлісті.
«Бір сұхбат барысында ерекше бір сәт болды.
Журналист қыз менімен көз деңгейінде сөйлесу үшін тізерлеп отырды.
Бұл күтпеген, бірақ терең мағыналы, үлкен әдеп пен құрметтің белгісі еді.
Теңдік — адамның бойында және ар-ұятында.
Ал инклюзия — сөзден бұрын іс-әрекетпен өлшенеді.
Құрмет осындай қарапайым қадамдардан басталады», — деп жазды ол.
Оқырмандары депутаттың сөзіне қолдау білдіріп, пікір қалдырып жатыр.
«Фотодан жылулықты көрдім», «кәсібилік пен парасат деңгейі көрініп тұр» және «өте мағыналы әрекет жасап тұр» деп жазып жатыр олар.



