Танымал әнші Айдана Меденова өнердегі үзілістен кейін сахнаға қайта оралғанын мәлімдеді. Бұл туралы ол «Ревю» бағдарламасына берген сұхбатында айтып, әлеуметтік желідегі сын-пікірлерге де жауап қатты, деп жазады qandastar.kz.
Әншінің сөзінше, көпшілік камера сыртындағы жағдайдан бейхабар.
«Камера артында не болып жатқанын білмейсіздер, толық картинаны көре алмайсыздар. Жолдасым маған әрдайым қолдау көрсетеді, барлық шешімді бірге қабылдаймыз. Бұл өзгерісті өзім үшін жаңалық деп қабылдаған жоқпын», – деді Айдана Меденова.
Сонымен қатар өнер иесі шығармашылығындағы ұзақ үзіліске де тоқталды.
«Осы жылдары әншілерді мүлде тыңдамадым, музыкадан біраз алшақ болдым. Бұл – демалыс кезеңі еді. Бұл менің өмір жолым, бүгінгі жағдай осындай. Сондықтан асығыс шешім шығармайық», – деп түйіндеді ол.



