Жаңалықтар

Жамбыл облысында «Сергек» камерасына оқ атқан азамат айыппұл арқалады

Жамбыл облысында жол бойындағы «Сергек» камерасына әдейі оқ атқан ер адам жауапқа тартылды, деп жазады qandastar.kz сайты Azattyq Rýhy-қа сілтеме жасап.

Сот мәліметіне сәйкес, оқиға 2025 жылдың желтоқсан айында Сарыкемер-Түймекент-Ақшолақ автожолында болған. Айыпталушы пневматикалық мылтықпен бейнебақылау камерасына оқ атып, құрылғыны қасақана зақымдаған.

Сот отырысында ер адам кінәсін толық мойындап, келтірілген шығынның бір бөлігін өтегенін айтты. Алайда жәбірленуші тарап залал толық көлемде өтелмегенін жеткізді.

Нәтижесінде сот азаматты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 147-1-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 196 мың теңге көлемінде айыппұл салу туралы қаулы шығарды. Сот шешімі заңды күшіне енді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button