Жаңалықтар

Астанада әскерге бара жатқан сарбаз сүйіктісіне ұсыныс жасады

Астанада әскери ант қабылдау рәсімі кезінде ерекше оқиға болды. 5573 әскери бөлімінде өткен салтанатты жиында жас сарбаз Алмас Абдрахов 700-ден астам сарбаздың және мыңдаған қонақтың көзінше сүйіктісі Томириске үйлену туралы ұсыныс жасады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шара барысында әскери бөлім командирі Жандар Ешірбеков сөз сөйлеп, әскери анттың әрбір сарбаз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

— Әскери ант — жай ғана сөз емес, ол Отанға, халыққа, ата-анаға деген адалдықтың айқын көрінісі. Сіздер артылған сенімді ақтап, Ұлттық ұлан жауынгеріне лайықты қызмет атқарады деп сенемін, — деді ол.

Енді Алмас Абдрахов бастаған жас жауынгерлер елорда көшелерінде және маңызды іс-шаралар кезінде жауынгерлік қызмет атқаруға кіріседі.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button