Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Шымкентте жол үстіндегі жанжал адам өліміне әкелді (ВИДЕО)

Шымкент полициясы 40 жастағы қала тұрғынының өліміне күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды qandastar.kz порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, оқиға 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған.

«20 қаңтарда Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында жүргізушілер мен жолаушылар арасында қақтығыс туындап, екі тарап та пышақ жарақаттарын алды. Зардап шеккендердің бірі қайтыс болды», — дейді қалалық ПД.

Кісі өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары күдіктілерді ұстау үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.

Полиция департаментінің барлық күші күдіктілерді анықтауға және ұстауға бағытталған жедел-тергеу іс-шараларына жұмылдырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button