Жаңалықтар

Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті Бішкек пен Қазақстанда вебкам-студиялар желісін әшкереледі

Қырғызстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) Бішкек қаласы мен Қазақстан аумағында әрекет еткен вебкам-студиялар желісінің қызметін әшкерелеп, тоқтатты. Күдікті ұйымдастырушылар ұсталды, деп жазады qandastar.kz.

Тергеу деректеріне сәйкес, Қырғызстан азаматтары Бішкек қаласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында вебкам-студиялардың жұмысын ұйымдастырып, қамтамасыз еткен. Жезөкшелікке жәрдемдесу және азғындық әрекеттері бойынша төрт адам қамауға алынды.

ҰҚМК мәліметінше, ұйымдасқан топ мүшелері заңсыз әрекеттерін жасыру мақсатында Бішкектің әртүрлі аудандарынан пәтерлерді жалға алған. Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде жүргізілген жедел тінту барысында веб-камералар, жарықтандыру жабдықтары, компьютерлік техника және өзге де техникалық құралдар, сондай-ақ сексуалдық сипаттағы ашық онлайн-трансляциялар өткізуге арналған эротикалық костюмдер мен атрибуттар тәркіленді.

Ведомство онлайн-трансляциялар вебкам-қызмет көрсететін интернет-платформаларда, атап айтқанда Chaturbate, Stripchat және BongaCams сайттарында жүргізілгенін нақтылады. Алынған табыс ұйымдастырушыларға Binance платформасында тіркелген криптоәмияндар арқылы аударылған.

Қылмысқа қатысы бар барлық тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралары жалғасып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button