Белгілі коуч, психолог Құралай ханым әлеуметтік желідегі парақшасында қыздардың күйеуге шықпауының басты себебін айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Коучтың айтуынша, еріншек қыз күйеуге шықпайды. Бұл жерде энергиясын біреуге ерінетін қыздар туралы айтқанын да алға тартты.
«Қыздар, ренжімесін❗️❗️❗️
Бірақ #Еріншек қыз күйеуге шықпайды. Себебі ол махаббат емес — комфорт күтеді: дайын күйеу, жеңіл өмір, жауапкершіліксіз «бақыт». Еріншек әйел өзгергісі келмейді, өсуге ерінеді.
Ал отбасы ертегі емес, күн сайынғы еңбек, тәртіп, ішкі жұмыс», — деп жазды ол.
Оқырмандары Құралай ханымның пікірімен келісіп жатыр.
«Күйеуге шығып еріншек болып кеттік», «дұрыс айтасыз» және «сізбен келісемін» деп жазып жатыр олар.



