Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Министрлік балалардың әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесін қарастырып жатыр

Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі туралы айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Айтуынша, заңнамаға тиісті өзгерістер әзірленіп жатыр.

«Атап айтқанда, балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу мәселесі қарастырылып жатыр. Мәдениет және ақпарат министрлігі онлайн-платформалар мен масс-медианың қызметін реттейтін заңнамаға тиісті өзгерістер мен толықтырулар әзірлеген. Бұл өзгерістер сараптамалық бағалаудан өтіп, қоғамдық талқылауға шығарылады», — деді ол.

Сондай-ақ министр жас шектеулерін бұзу жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін атап өтті.

«Оқу-ағарту министрлігі және Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, пайдаланушылардың жасын тексеру тетіктерін әзірлеу және жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр. Қажет болған жағдайда жауапкершілік шараларын енгізу де қарастырылады.Сонымен қатар, халықтың медиасауаттылығын арттыру және тәуелсіз, сапалы контентті қолдау мәселесіне ерекше назар аударылады», — деді Балаева.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button