Әлеуметтік желілерде Джеки Чанның кино түсіру тобымен Ақтауға келгені туралы видео тарады. Аталған ақпаратты Маңғыстау облысының әкімдігі ресми түрде растады, деп жазады qandastar.kz.
Жергілікті пабликтерде жарияланған видеода әлемдік жұлдыздың команда мүшелері қаладағы қонақүйлердің бірінде түсірілгені болжанды.
Әкімдік мәліметінше, делегация құрамында шамамен 15–20 адам бар. Қазіргі уақытта нақты локациялар тізімі бекітілмеген. Дегенмен, түсірілім өтетін орындар ретінде Бозжыра, Ақтау жағалауы және өңірдегі өзге де танымал нысандар қарастырылып жатыр.
Еске салайық, 2025 жылдың қыркүйек айының соңында Джеки Чан Алматыға келген болатын. Танымал актердің сол кездегі сапары қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық тудырған еді.



