Жаңалықтар

Ләйлә Сұлтанқызы бұл жолы эфирден емес, киноэкраннан көрінбек

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы «Көз тимесін» комедиясында шағын рөл сомдағанын айтып, көрерменге тосын сый дайындағанын жеткізді, деп жазады qandastar.kz сайты kznews.kz-ке сілтеме жасап.

Ләйлә Сұлтанқызының айтуынша, фильм 2026 жылғы 22 қаңтардан бастап еліміздің барлық кинотеатрларында көрсетіледі. Көрсетілімді көріп үлгерген көрермендер тележүргізушіні экраннан күтпеген жерден байқап, әлеуметтік желіде жылы лебіздерін жаудырған.

Желі қолданушылары Ләйлә Сұлтанқызының жаңа қадамын құттықтап, өнердегі бағытына сәттілік тілеп жатыр. Мұндай реакцияға себеп болғаны да түсінікті: көрермен көп жағдайда тележүргізушіні студиядан көруге үйренген.

Өз кезегінде медиамаман киноға түсу ұсынысына жеңіл-желпі қарамайтынын жасырмады.

Әрбір ұсынысты ұзақ ойланып барып қабылдаймын, – деді ол.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button