Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қарыз оразасы бар адамдар не істеуі керек? Мүфтият жауабы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «қаза оразасы бар адамдар не істеуі керек?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, сауаптар еселеніп жазылатын, шарапаты мен шапағаты мол ай. Рамазан айындағы ораза балиғатқа жеткен әрбір ер мен әйел мұсылманға парыз. Намаз секілді, ораза да жекелей парыз етілген ғибадат», — дейді мүфтият.

Алайда егер өткен Рамазанда белгілі бір себеппен (ауру, жолда болу, т.б.) ораза ұстай алмаған болса, ол күндерді қаза етіп өтеу керек.

Қаза ораза бөлек ниетпен ұсталады және оны Рамазан оразасымен бірге қосып ұстауға болмайды.

«Дегенмен, қазаны кешіктірмей, Рамазанға дейін өтеп қойған абзал. Егер үлгермесеңіз, оны Рамазаннан кейін де өтеуге болады. Кейбіреулер «өткен оразалардың қазасын алдағы Рамазанның оразасымен қатар ниет етіп өтеуге бола ма?» деген де сұрақ қойып жатады. Дінде бұған рұқсат жоқ. Қаза ораза күндері жеке ұсталады», — дейді ҚМДБ.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button