ЖаңалықтарШоу бизнес

Қайрат Нұртастың біреудің әнін ұрлап алғаны жөнінде шу шықты

Әлеуметтік желіде белгісіз ер адам «Перзент сыры» әнінің авторы өзі екенін айтып, әнді Қайрат Нұртастың ұрлап алғанын айтты, деп жазады qandastar.kz.

Оның айтуынша, алдымен бұл әнді Қайратқа жеке тыңдатып, ойымен бөліскен. Алайда біраз уақыт өткен соң бір тойда әншінің дәл осы «Перзент сыры» әнін орындап жүргенін байқайды. Осыдан кейін ер адам «әнімді иемденіп алды» деп, көпшілікке наразылығын білдірген.

«Солай болу керек болған шығар. Мен «Кавер шоу» жобасына осы әнмен қатысқым келген. Алайда Қайрат бірінші жазды деп қатыстырмай қойды. Идея көп. Бәрін іске асырамыз бұйырса. Қайратта уақыт жоқ қой студияда жүретін. Ал біз күні бойы студиядамыз, уақыт көп. Әлі талай ән жазармыз енді», — деді ол.

Аталған мәлімдеме желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті.

Пікір білдірушілердің бір бөлігі «әншілердің бәрі ұры» десе, енді бірі «Перзент сыры бұрыннан айтылып жүрген халыққа таныс ән ғой» деп жазуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button