ЖаңалықтарШоу бизнес

«Туа біткен әкім ғой»: Қайрат Нұртас пен Тоқтар Серіков Қызылорда облысының әкімін мақтады

Қызылордалық кәсіпкер Әділет Байнашев өңірге барған эстрада жұлдыздары Қайрат Нұртас, Тоқтар Серіков, Мәдина Сәдуақасованың видеосын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

«Мен сырттан келген қонақтарды өте көп күтемін, барлығы қаламыздың қарқынды дамып жатқанына таңқалады…

Сізге рақмет, Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев!» — деп жазды кәсіпкер.

Өз кезегінде әншілер де өңірдің көркіне таңқалысын жасырмады.

«Қызылорда қатты жайнап кетті. Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорданы жайнатып жіберген», — дейді Қайрат Нұртас.

Әріптесінің сөзіне Мәдина Сәдуақасова да қосыла кетті.

Өз кезегінде Тоқтар Серіков «соңғы үлгімен салынған бәрі. Туа біткен әкім ғой. Өз елін, жерін сүйетін әкім болса, сол ғой» деп атап өтті.

Айта кетері, Ұлттық құрылтай отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевты мақтаған болатын.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button