ДінЖаңалықтар

«Бұл ауытқу емес»: Теолог атеистерді қорғауға шақырды

Қазақстанда дінге сенушілердің сезімін қорғау тақырыбы ресми деңгейде жиі көтеріліп жүргенімен, атеистер мен дінге сенбейтін азаматтардың құқықтары мен қадір-қасиеті назардан тыс қалып отыр. Бұл туралы теолог маман әлеуметтік желідегі жазбасында жазған, деп хабарлайды Qandastar.kz порталы Instagram желісіндегі Аbdulla_kz_kz парақшасына сілтеме жасап.

Теолог Елнар Берікбаевтың айтуынша, соңғы уақытта әлеуметтік желілерде атеистерге және діни сенімі жоқ адамдарға қатысты қорлау, кемсіту және агрессивті пікірлер жиілеген. Алайда мұндай әрекеттерге құқықтық немесе қоғамдық деңгейде тиісті реакция берілмей келеді.

Теолог жақында жария алаңда сөйлеген «Нұр-Мүбарак» ислам университетінің оқытушысы атеистерді жануарлармен салыстырып, оларды қоғамға қауіп төндіретін топ ретінде сипаттағанын атап өтті. Оның пікірінше, дүниетанымына байланысты адамдарды дегуманизациялау — адамдық қадір-қасиетті ашық түрде таптау.

Автор мұндай мәлімдемелер академиялық әрі діни беделі бар тұлғалар тарапынан айтылғанда, қоғамдағы өшпенділік пен бөлінуді күшейтуі мүмкін екенін ескертеді.

Сондай-ақ жазбада Қазақстан өзін зайырлы мемлекет деп жариялағанымен, діни сенімі бар азаматтардың сезімін қорғау мәселесі жиі көтеріліп, ал атеистер мен нерелигиозды адамдардың абыройы әлсіз қорғалып отырғаны айтылған.

Теологтың пікірінше, атеизм — ауытқу немесе дәстүрге қауіп емес, дүниетанымның заңды әрі легитимді формаларының бірі. Ол зайырлы мемлекет қағидаттарын сақтау үшін азаматтарды сеніміне немесе сенімсіздігіне қарай бөлмей, барлығына тең құқықтық және қоғамдық қорғау көрсету қажет екенін атап өтті.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button